• Басты бет
  • Спорт
  • Павлодарлық боксшы Ерболат Сабыр әлем чемпионатының ақтық кезеңіне өтті

Павлодарлық боксшы Ерболат Сабыр әлем чемпионатының ақтық кезеңіне өтті

Ерболат Сабыр бірден мықты қарсыластарға кез болып, венгриялық Герго Сразды, латвиялық Матвей Прокудинді, кубалық Хорхе Родригезді артта қалдырып, жартылай финалдың өзінде Еуропа чемпионы Андрей Шендрикпен жұдырықтасты. Ерболат жекпе-жек басталған сәттен-ақ шаршы алаңда өз-өзін сенімді ұстап, әрбір соққысы жете ойластырылғандығын байқатты.

 

Кездесудің басында төрешілердің жоғары бағасына ие болған жерлесіміз, басымдылығын соңына дейін жеткізе білді. Қорытынды нәтиже 4:1, ресей құрамасының капитанын артта қалдырып, павлодарлық спортшы әлем чемпионатының финалына өтіп, жанкүйерлерді кезекті жеңісімен қуантты. Ақтық кезеңде Ерболат үндістандық Сачин атты боксшымен алтынға таласады.