• Басты бет
  • Спорт
  • Павлодарлық боксшы Серік Теміржанов Азия чемпионатының 1/2 финалына өтті

Павлодарлық боксшы Серік Теміржанов Азия чемпионатының 1/2 финалына өтті

Иорданияда бокстан Азия чемпионаты жалғасуда. Байрақты додада өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасы кезекті жеңістерімен қуантты. Бұл ретте, Павлодар мақтанышы Серік Теміржанов да көзге түсіп, жартылай финалға жолдама алды.

 

Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасының кіл мықтылары салмақты өнер көрсетуде. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері павлодарлық Серік Теміржанов 57 келіге дейінгі салмақта алаң қожайыны Юсеф Иашишпен шеберлік байқасты. Қарсыласпен әдемі жекпе-жек өткізу ауыр болды, иорданиялық классикалық емес, төбелеске ұқсас айла-тәсілдерін қолданды. Соған қарамастан Серік төрешілерден жоғары ұпай алып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

 

- Енді кішкене қисық жұдырықтасатын боксшы екен, қиын болды. Аллаһқа шүкір, ұттық. Бапкерлердің барлық айтқан тапсырмаларын орындай алмадым. Келесі жекпе-жектерге дайындалып, міндеттерді орындауға тырысамын. Елімізге алтын әкелуге тырысамын,-деді павлодарлық боксшы.

 

Жартылай финалға өткен Теміржанов, кем дегенде қола медальді місе тұтады. Бірақ, жерлесіміз алтыннан дәмелі. Жарыс жалғасуда.