• Басты бет
  • Спорт
  • Павлодарлық боксшы Серік Теміржанов әлем чемпионатын жеңіспен бастады.

Павлодарлық боксшы Серік Теміржанов әлем чемпионатын жеңіспен бастады.

 

 

 

Өзбекстанда бокстан әлем чемпионаты жалғасуда. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсететін павлодарлық боксшы Серік Теміржанов алғашқы жекпе-жегін өткізді. 1/16 финалда 59 келіге дейінгі салмақ аталымында Ертіс ауданының тумасы Мали боксшысы Абдул Карим Батилимен жолықты. Үш раунд қорытындысы бойынша жерлесіміз айқын жеңіске жетті.

 

-Барлық отандастарыма қолдау үшін рахмет. Мақсатымыз чемпиондыққа қол жеткізу. Жақсы дайындық өтті. Бапкерлерімізбен ақылдасып, тактика құрып жатырмыз. Барлық Қазақстан ұлттық құрамасы болып чемпион атануға бар күшімізді саламыз, деді Қазақстан бокс құрамасының мүшесі.

 

Серік Теміржанов – 2021 жылғы әлем чемпионаты мен 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Айта кетейік, 1 мамырда басталған әлем чемпионаты 14 мамырда аяқталады. Біріншілікке 104 елден 600 аса былғары қолғап шебері қатысып жатыр.

фото: boxingkazakhstan