• Басты бет
  • Спорт
  • Павлодарлық боксшы әлем чемпионатында жартылай финалға шықты

Павлодарлық боксшы әлем чемпионатында жартылай финалға шықты

Алдыңғы кезеңде қарсыласын нокдаунға жіберген Ерболат ширек финалда кубалық боксшы Хорта Родригезбен жұдырықтасты. Алғашқы раундта төрешілер бостандық аралының спортшысына көбірек ұпай бергенімен, кейін павлодарлық бұл жекпе-жекте кімнің мықты екендігін іс жүзінде дәлелдеп берді. Родригездің клинчке кіре беруі, жерлесіміздің дәл соққыларды жаудыруына кедергі болмады.  

 

Алғашқы раундта басымдық танытқан қарсылас сол нәтижені ұстап қалғысы келіп, уақыт созғанымен, Ерболат Сабыр төрешілерге өзінің жартылай финалға лайықты екендігін дәлелдей білді. 56 келі санатында павлодарлық боксшы Еуропа чемпионы, ресейлік Алексей Шендрикпен жұдырықтасады.