• Басты бет
  • Спорт
  • Павлодарлық Нұртас Жүнісов гір көтеруден Әлем және Еуропа чемпионы атанды

Павлодарлық Нұртас Жүнісов гір көтеруден Әлем және Еуропа чемпионы атанды

 

Грецияның Лутраки қаласында үлкен үзілістен кейін көп уақыт бойы өткізілмеген, гір спортынан Әлем мен Еуропа чемпионаттары бірге ұйымдастырылды. Ауқымды жарысқа Павлодар облысының өкілі Нұртас Жүнісов қатысып, екі алтынға ие болып, қос чемпиондыққа қол жеткізді.

-Ең басты бәсекелестерім ресейліктер. Бірақ оларды осы жарысқа қатыстырмады. Содан кейін Украиналық спортшылар мықты, екінші орын алған да солар. Үшінші орын Индия спортшысы ,- деді Әлем және Еуропа чемпионы Нұртас Жүнісов

Топжарған жерлесіміз - байрақты додаға қатысқан жалғыз қазақстандық. Өзге де мықтылар бар, бірақ оларға қолдау көрсетілмейді дейді. Нұртас зауытта қызмет етіп, жалақысын жинақтап, қаражатты сапарға жұмсаған.

-Осындай құрбандыққа ешкім барғысы келмейді, себебі Грецияға бару өте қымбат, көп ақша кетеді. Еш өкінбеймін, себебі мен үшін емес, Отаным үшін барымды салдым. Көк туды желбірету үшін барымды саламын, әрқашанда,-деп жеткізді Нұртас Жүнісов

Енді Нұртас әкесінің қатаң бақылауымен Қазақстан Кубогы жарысына дайындалуда. Басты мақсат - алтын медаль.