Павлодарлық тәрбиеленуші Испаниялық клубта білім алмақ

Жартылай қорғаушы Вячеслав Раскатов Павлодарда «Ертіс» футбол ортылығы ашылғаннан бері жаттығып, қазір «Жұлдыз» намысын қорғап келеді. Кішкентай кезінен бұл спорт түріне деген махаббаты ерекше, 2004 жылғы команданың капитаны атанып, алға жетелейтін көшбасшылардың бірі. Жас ойыншы әлеуметтік желілерде испаниялық академияға іріктеу жүргізілетіндігін көріп, өз бағын сынап көреді. Бастапқыда Нұр-Сұлтан қаласында, кейін Эль-Пуэрто-де Санта-Мария қаласында қаралымнан өтеді.

- Өте тәжірибелі бапкерлер жұмыс жасайды. Мысалы бізбен Антонио Валеро дайындық жүргізді, бұл маман лондондық «Арсенал» жастар құрамасын басқарған адам. Академия сапында түрлі испаниялық командалармен ойнағанда, матчтарда көптеген скауттар отырады. Олар әрбір ойыншыны  мұқият бақылайды. Жақсы көрсете білсең өзге танымал клубқа шақырту алу әбден мүмкін. Тек еңбектену қажет, - деді  «Жұлдыз-2004» командасының жаттықтырушысы Вячеслав Казаков.

Славаның Испанияға сапары мен академиядағы сәтті өткен қаралымын ата-анасының жеке қаражатынан жасалған. Артылған үмітті ақтап, аяқдопшы енді тегін спорт грантына ие болды. Әрине, жас ойыншының бұл жетістігін павлодарлық бапкерлердің көмегінсіз елестету мүмкін емес.

- Біз үшін өте қуанышты жаңалық. Тәрбиеленушіміздің Еуропалық командаға өтіп кетуі жақсы нәтиже. Көптеген дарынды балаларымыз бар. Оларға халықаралық сайыстар мүлдем жетіспейді. Тәжірибе жинап, өздерін көрсететін мүмкіндік аз. Байрақты турнирлер көп болса, үлкен нәтижеге қол жеткізуші едік, - деді «Жұлдыз-2004» командасының ойыншысы Вячеслав Раскатов.

Жартылай қорғаушы Раскатов алдағы футбол маусымын Испаниялық «Nextstars Football Academy» сапында өткізеді. Бірақ, ол 11-сынып оқушысы мектептегі оқуын қашықтықтан өткізуі тиіс. Осыған байланысты, білім беру бөлімінен қолдау көрсетуді сұрады. Вячеслав үлкендер артқан үмітті ақтайтын жігіт екендігін іс жүзінде дәлелдеп жүр.