Павлодарлық хоккейші үздік атанды

Павлодарлық хоккей мектебінің түлегі Юсуп Асуханов беделді марапатқа ие болды. Ол кәсіби лиганың үздік жас хоккейшісі атанды. Ойын кезінде ол осындай әдемі шайбаларды соға алды. Юсуп Асуханов бала кезінен «Ертістің» матчтарын тамашалады. Бүгінде өзі негізгі құраманың көшбасшысы. Жүлдесі туралы осындай сұхбат берді.   

 

- Әрине, оңай болмады. Менен басқа да мықты ойыншылар бар. Олардың арасынан мені үздік деп таныды. Бұл қуантады. Барлық әріптестеріме алғысым шексіз, - «Ertis» ХК ойыншысы Юсуп Асуханов.

 

«Ertis» сапында биыл жас тәрбиеленушілер өнер көрсетеді. Бүгінде ұжым плей-офф сериясындағы орын үшін таласуда. Павлодарлықтардың келесі қарсыластары - Өскемендік «Топедо» болмақ.