Павлодарлық жауынгер кезекті жеңісіне жетті

Фаниль Рафиковтың кездесуін жанкүйерлер тағатсыздана күткен. Оған қарсы десант сарбазы – Қанат Күлмағамбетов шыққан. Ақтау қаласындағы жарыс барысында барлық санитарлық талаптар сақталды. Жұдырықтасу басталысымен Фаниль сүйікті айла-тәсілін қолданды. Қарсыласын жығып, қылғындыру әдісіне кірісті. Алайда Қанат қиын жағдайдан шығып, қайтадан жерлесіміздің айласына тап болды.   

 

«Гильотина» тәсілі павлодарлыққа жеңіс әкелді. Бұл Фаниль Рафиковтың 18-ші жеңісі. Жеңіл салмақ дәрежесіндегі спортшы енді Қазақстан чемпионатының титулы үшін күресетін болады.