• Басты бет
  • Спорт
  • Павлодарлық жағажай футболшылары Қазақстан құрамасы сапында Еуролига-2022 турниріне қатысады

Павлодарлық жағажай футболшылары Қазақстан құрамасы сапында Еуролига-2022 турниріне қатысады

Отандық жағажай футболының негізін салушылар, павлодарлық Арман клубының ойыншылары мен бас бапкері Болат Әленов, толық құрамда Қазақстан намысын қорғап, Молдова еліне аттанады. Еуролиганың биылғы маусымында жаңа мүмкіндіктер ұсынылады. Сондықтан жігіттер қызу дайындықта. Кишиневке аттануға дайын.

-4 құрама А дивзионына жолдама алады. Өткен жылы тек 1 командаға мүмкіндік берілетін. Сондықтан жігіттер жақсы мүмкіндік бар екендігін түсінеді. Барлығымен жекелей сөйлестіп, көздері жанып тұр, сондықтан барымызды саламыз,-дейді жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Болат Аленов.

Қазақстан жағажай футболынан ұлттық құрамадағы жерлестеріміз Б дивизионында Норвегия, Греция және Грузия құраамларымен күш сынасады. Үздік екі ұжым, плей-оффқа шығып, А дизивизионына жолдаманы сарапқа салады.

-Топтағы барлық құрамалардан басым түскенбіз. Тек Грециямен жалпы ойындар нәтижесі тең. Жеңіске деген үміт зор. Бірақ, биыл ойын тәжірибесі өте аз болды. Қаншалықты дайын екендігімізді, бірден турнирде көреміз. Бұл фактор өзіндік әсерін тигізуі мүмкін,-деп айтты жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Дмитрий Перевертов.

Алғашқы кездесу шілденің 27-і Норвегияға қарсы өтеді. Айту керек, құраманың негізі көшбасшысы Виктор Чорный ұжым қатарына Германиядан қосылады. Сол себепті құрама сақадай сай. Тіпті, үздік шабуылшы Муралиновке де жұмысынан рұқсат беріледі деп күтілуде.