• Басты бет
  • Спорт
  • Павлодарлық жағажай футболшылары Қазақстан құрамасы сапында Грузияны 7:1 есебімен жеңді

Павлодарлық жағажай футболшылары Қазақстан құрамасы сапында Грузияны 7:1 есебімен жеңді

Жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасы Молдова елінде өтіп жатқан Еуролиганың топтық кезеңінде тағы да ірі есеппен жеңіске жетті.

Толықтай павлодарлық аяқдопшылардан жиналған ұжым Грузия командасының тас талқанын шығарды. Біздің жігіттерді Виталий Тюльпа алға шығарды, кейін Баянбек Муралинов пен Дмитрий Перевертов дубль жасады. Асқар Әжікенов пен Алмас Мұратұлы да нәтижелі соққымен көзге түсті. Қорытынды есеп 7:1. Болат Аленов қол астындағы ел құрамасы байрақты турнирдің плеф-офф кезеңіне өтуге бір қадам қалды. Енді 6 ұпай жинаған жерлестеріміз Грециямен күш сынасады.Шешуші матч бүгін Кишиневте өтеді.

 Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуде Норвегияны 7:3 есебімен ұтқан болатын. Біздің жігіттер келесі ойынын, бүгін 29 шілде күні Грекиямен өткізеді.

 фото: ҚФФ