Павлодарлық «Ақсу» бас бапкерін қызметтен босатты

 

 

«Ақсу» футбол клубының бас бапкері Руслан Костышин қызметінен кетті. Бұл туралы еліміздің бірқатар ақпарат порталдары мәлімдеп, клуб әлі күнге дейін ешқандай ресми хабарлама жасамады. «Ирбис» арнасы украиналық жаттықтырушының өзімен байланысқа шығып, Руслан Викторович шынымен де біздің командадан өзара келісім бойынша кететіндігін растады.

 

Айту керек, КостышинАқсуды“ 2022 жылдан бері жаттықтырған. Бапкер қол астында ұжым былтыр 36 ұпай жинап, Премьер Лигадағы дебюттік маусымында алтыншы орынға тұрақтаған еді. Биыл команданың жағдайы мәз емес. Жеті ойында бар болғаны 4 ұпай жинады. Әзірге клубтың бас бапкері қызметіне мамандарды іздеу жүргізілуде.