Павлодарлық «Қысқы спорт түрлері бойынша» үздік атанды

Биыл шорт-трекшілер үшін жақсы нәтижелермен есте қалды. Қазақстандықтар бірнеше олимпиада лицензиясына ие болды. Бейжің ойындарының жолдамалары үшін Ольга Тихонова және Денис Никиша күресті. Денис - екі мәрте әлем кубогының қола жүлдегері. Сондай-ақ, Ұлттық спорт «Аltyn Samǵaý-2021» премиясының «Қысқы спорт түрлері бойынша» үздік спортшысы атанды.

- Айдындағы жаттығу жұмыстары қаңтардың 27-не дейін жалғасады. Кейін Пекинге жол жүреміз. Сол уақытқа дейін дайындық жұмыстары тоқтап қалмау қажет. Аспан асты елінен жүлделі оралуға тырысамыз.-дейді спорт шебері Денис Никиша, - дейді халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан құрамасы айдында екі кезең өткізеді. Алғашқысы 30-ы күні аяқталады. Жаңа жылдық демалыстан кейін жаттығу жұмыстары жалғаспақ. Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 4-і басталады.