Рахат Манап Павлодар облысының үздік палуаны болып танылды
Қазақ күресінен Павлодар облысының жаңа барысы анықталды. Аймақтық іріктеу аясында түйе палуандарымыз арасындағы ең мықтылар белгілі болды. Жеңімпаз өңір намысын Қазақстан барысы турнирінде қорғайтын болады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Ертіс-Баян өңірінде казақ күресі жылдан жылға дамып келеді. Бұл ретте, аймақтық іріктеудегі бәсеке де биыл өте жоғары болды. Соңғы бірнеше жыл бойы өңірлік белбеуді ешкімге бермей келе жатқан Мұхтар Дәлелханұлы алдыңғы жекпе-жектерде есе жіберіп, жарыстан шығып қалды. Нәтижесінде үздік үштік биыл жаңартылды. Ақтық сында жеңіске Аққулы ауданының тумасы Рахат Манап жеңіске жетіп, спорттық мансабында алғаш рет Павлодар облысы барысы атанды.
- Өзіміздің арамызда мықты деген бауырларымыз бар. Жақсы өнер көрсетіп жүр. Жарыста бәсеке жоғары. Біз де дайындаламыз. Кіл мықтыны кілем ғана анықтайды,- деп жеткізді Рахат Манап.
Ал күміс жүлдені павлодарлық Еркебұлан Егінбаев місе тұтса, қола медаль ақтоғайлық Еламан Ерғантайға бұйырды. Осылайша, жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан барысы жобасында Павлодар облысы намысын Рахат Манап және Еркебұлан Егінбаев қорғайды. Республикалық сайыс қазан айында Астанада өтеді деп жоспарлануда.
