Садақшылар халықаралық жарыстар жеңімпазы атанды

Жаз мезгілі ағып өтті, ал жарыстарда садақ атудың сәті түспеді дейді бапкерлер. Сондықтан Ресей Федерациясының онлайн тәртібінде өткізілген сайысына қуана-қуана келісті.

 

- Жарыс тікелей эфирде өткізілді. Түсірілім жасалатын телефон садақ тиетін қалқанға орнатылады. Барлық нәтижелер жазып алынды. Жаз бойы бірде-бір сайыс өтпеді, сондықтан тым болмағанда онлайн додаға  қатыстық. Александр Медведев 18 метрден атудан 1-ші орынға ие болды, - дейді садақпен атудан облыстың аға жаттықтырушысы Татьяна Пак.

 

Ал садақ ату спортында алғашқы қадамдарын жасап келе жатқан Данель Жұмагелді қашықтықтан өткен жарыста 3-орынға ие болды. Айту керек, 17 жастағы бойжеткен ересектермен бақ сынасты. Сонымен қатар халықаралық дода аясында Вячеслав Гузей спорт шебері көрсеткішін орындап шықты. Енді павлодарлық садақшылар Қазақстан чемпионатына дайындалу үстінде.