• Басты бет
  • Спорт
  • Серік Теміржанов кубалық боксшыны жеңіп Елорда кубогы жеңімпазы атанды

Серік Теміржанов кубалық боксшыны жеңіп Елорда кубогы жеңімпазы атанды

2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, павлодарлық бокс мектебінің мақтанышы Серік Теміржанов Нұр-Cұлтанда өтіп жатқан Elorda Cup турнирінің алтынын жеңді. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Теміржанов кубалық Освел Дэвид Кавалльеродан басым түсті. Кавалльеро - өткен жылғы ӘЧ қола жүлдегері. Кездесудің бірінші раундында қазақстандық жеңіске жетсе, екінші раундта қарсыласы есеп айырмасын азайтты. Үшінші раундта екі боксшы да жақсы өнер көрсетіп, төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы турнир жеңімпазы атанды. Нәтиже 3:2

 - Бапкерлеріміз айтқандай, әрбір жекпе-жекте соңғысындай бол деп. Мен әрбір кездесуде психологиялық тұрғыдан жігер беріп, тактика жағынан дайындаламыз,-деп жеткізді Қазақстан бокс құрамасының мүшесі Серік Теміржанов.

 Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар Elorda Cup турнирінде 11 алтын медаль жеңіп алып, командалық есепте көш бастады.

Фото: AIBA