Шахматы онлайн область

Блиц-жарыс әр демалыста өтеді. Бұл жолғы онлайн партияларға 30 шахматшы тіркелді. Олардың басым бөлігі Екібастұз бен Павлодар қалаларынан. Сондай-ақ, Ақтоғай мен Тереңкөл ауданының зияткерлері белсенділік танытты. Айта кетсек, соңғысы жеңіске жетті. Денис Дукачтен кейін үздіктер қатарында Владислав Малыгин мен Степан Луцик жайғасты. Арулар арасында Мария Анисимова мен Роза Тұмабаева чемпиондар. Үздік үштікті Карина Шустова қорытындылады. Екінші жарыс жаңа форматта өтті.

 

Сынама жарысқа онлайн-сайыстың тұрақты қатысушылары тіркелді. Бұл сында көшбасшылар жоғары деңгейін шыңдады. Жалпы 20 зияткер қатысты. Үздік үштікте Дукач, Луцик және Малыгин. Алдағы қала чемпионаты классикалық шахматтан өтпек. Бұл карантиннен кейін толыққанды өтетін алғашқы жарыстардың бірі болуы мүмкін.