Танымал павлодарлық футболшы Арман Кенесов "Ертіс" клубына қайта оралды
«Ертіс» командасы қатарына Арман Кенесов қосылған. 24-жасар жартылай қорғаушы туған клубында маусымның соңына дейін өнер көрсетеді деп жеткізді irbistv.kz тілшісі
«Ертіс» футбол орталығының түлегі, негізгі команда қатарында 2018 жылы дебюттік ойынын өткізген еді. Премьер-Лигадағы «Шахтерға» қарсы ойында Арман бар-жоғы 17 жаста еді. Жалпы «Ертіс» жастар құрамасында 58, ал негізгі команда қатарында 14 матчқа қатысқан.
Отандық футбол сүйер қауымға «Ақтөбе» қатарындағы ойынымен танымал болды. Аталмыш команда сапында үш маусым өткізіп, 81 матчқа қатысып, 11 гол соғып, 6 нәтижелі ассист авторы атанған. “Ақтөбемен” бірге Қазақстанның вице-чемпионы атанып, екі мәрте қола жүлдегер болған. Сол сияқты ресейлік «СКА-Хабаровск» және қызылордалық «Қайсар» клубтарында нәтижелі ойын өрнегімен көзге түскен. Биылғы маусымда еліміздің жоғары біріншілігінде «Астана» клубының намысын қорғаған. Жалпы Қазақстан Премьер-Лигасында 106 матч өткізіп, 14 голдың авторы атанған.
Сонымен қатар, Арман Кенесов Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 4 мачтқа қатысқан.
фото: "Ертіс" ФК