• Басты бет
  • Спорт
  • Тазы-иттің тектісі: Павлодарда бабадан қалған асыл мұра жандануда

Тазы-иттің тектісі: Павлодарда бабадан қалған асыл мұра жандануда

Итбегілік - бабадан қалған асыл мұра. Бірақ жастар арасында аса танымал дәстүр деп айту қиын. Әйтсе де, ұлттық спорт түрлері жанданып жатқанда, құмай тазы асырап, жарыс өткізу де Павлодар өңірінде белең алуда. Шақат аулында өткен дүбірлі сайыста, итбегілер мықты дайындықпен келген еді. Бұл сайыста Көктұйғын құмай тазы бәрінен де жүйірік болды.

 

- Есімі Көктұйғын. Өте сабырлы, жарысқа барғанда алаңдамайды. Тазыны сері жігіттер ұстайды, қазаққанды. Олар өте аз, алтын сияқты деп айтуға болады, -дейді жарыста жеңіске жеткен құмай иесі Аманболәлі Рамазан

 

Қазақ атадан қалған мәдени дәстүрін ешқашан жоғалтпаған. Бүгінде итбегіліктен түрлі жарыстар өтіп жатыр. Алайда оның деңгейі одан да жоғары болуы мүмкін. Өнер қолдауды қажет етеді дейді итбегілер.