• Басты бет
  • Спорт
  • Тегін үйірмелер бойынша дау-дамай: Павлодар облысы спорт шенеуніктері мәселеге түсініктеме жасады

Тегін үйірмелер бойынша дау-дамай: Павлодар облысы спорт шенеуніктері мәселеге түсініктеме жасады

Павлодар өңірінде тегін спорт және шығармашылық үйірмелер бойынша ешқандай қиындықтар жоқ. Бұл туралы, облыстық дене шынықтыру басқармасында мәлім етті. Еске сала кетейік, ата-аналар жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасына қатысты әлеуметтік желілерде шағымдарын білдірген еді.

 

Өңірімізде 4 -17 жасқа дейінгі балалар үшін тегін спорт және шығармашылық секциялары өткен жылдан іске қосылған. Жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы арқасында, ата-аналар қаражаты қалатсында қалып, төлем мемлекет тарапынан жүргізілді. Бұндай мүмкіндікті ешкім мүлт жібергісі келмеді, нәтижесінде барлық ваучерлерді тез арада талап алынды.

-Спорттық тапсырысқа қатысты, биыл 14 мың балаға 2 млрд 116 миллион теңге қарастырылған. Қазір 13 мың 800 адам тіркелген. Балалары тізімнен шығып жатыр. Жазғы демалысқа кеткендер, өзге аймаққа көшкендерге байланысты. Кейбіреулер жасөспірімдер жасынан шығып, ересектер қатарына қосылды. Біз тек 4 пен 17 жастағы балалармен жұмыс жасаймыз.

Нәтижесінде, үйірмелер арасында спорттық жетістіктерді емес, кәсіпті көздегендер саны артты. Сол себепті бағдарлама жабылады деген дау-дамай басталғанда алаңдаушылық орын алды. Шенеуніктер, еліміздің өзге өңірлеріндегі олқылықтар бізде жоқ деп мәлім етіп, төлем бойыншы қиындықтар болмайтындығын алға тартты.

-2 миллиард 116 миллионға міндет алсақ, алдағы 3 айда: қыркүйек, қазан, қараша бойы тағы бір тапсырыс жолдаймыз. Қазір кезекті 12 мың бала тұр, 12 мың ваучер іске қосылмаған. Сондықтан қосымша 504 миллионға тапсырыс жасалады.

Баласын бірнеше тегін үйірмеге тіркеген ата-ана, өзге балаларға секцияларға жазылу мүмкіндігін тартып алады деуге болады. Нәтижесінде, олар кезекте тұрып қалып, жаңа орындарға тапсырыс қажеттілігі пайда болады. Сәкесінше, үйірмелердің арасында сапаға көз жұматындардың қатары көбейе бастайды. Бұны кәсісби спорт жаттықтырушылары да мойындап отыр.