Tugan Qala: Ақсуда паралимпиадашылар арасындағы республикалық үстел теннисінен турнир өтті
Асыл Амиров дауыс беру қорытындысын асыға күтті. Tugan Qala бағдарламасы жалпыхалықтық болып табылады. Өзекті жобалар өте көп. Өткен жылы Ақсу тұрғындары қаланың инфрақұрылымы мен өмірін жақсарту бойынша 114 өтінім берді. 15-і жеңімпаз деп танылды, оның ішінде параатлет жобасы да бар. Спортшының бастамасымен Ақсуда алғаш рет тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар арасында үстел теннисінен республикалық турнир өтті.
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтар құр бос үйде отырмай, оларды спортқа баулу үшін, себебі, кейбірі өз жағдайларынан ұялып жатады,ал спорт оларды жігерлендіреді,- деді Tugan Qala іс-шара жобасының авторы, жарысқа қатысушы Асыл Амиров.
- Бұл жағдайда әркімде енді қалай өмір сүремін деген ой келеді. Біз сияқты адамдар алға қарай жылжып, бейімдену үшін спорт ең жақсы шешім. Бір спорт түрін таңдап, шыңығып, ол өзіне сенімділігін артуына ықпал етеді,-деді Атыраулық жарысқа қатысушы .
Ақсуға Астана, Өскемен, Балқаш, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарынан мықты параатлеттері келді. Айта кетейік, Атырау құрамасы да, біздің өңірдің қатысушылары да осы жарыстағы ең мықты командалардың бірі.
- Барлықтарыңызды көргеніме қуаныштымын. Бүгін біздің қаламызда алғаш рет үстел теннисінен ашық турнир өтуде. Республикалық деңгейде деп айтсақ болады. Бұл ретте, ERG компаниясына алғыс білдіргім келеді,-деді Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов.
Рухы мықты адамдарға арналған турнир барлық Tugan Qala жобаларының бас демеушісінің қолдауының арқасында өтті. Жарысты ұйымдастыру деңгейі жоғары.
- ERG компаниясы 2021 жылдан бастап бұл бастаманы қолдап, қаржыландырып келеді, біздің компания қаламыздың тұрғындары, атап айтқанда ақсулықтар ұсынған барлық жобаларды іске асыруда бас демеуші болып табылады. Біздің тұрғындар шынымен бұл іс-шараны қолдады. Өйткені іске асырылатын жобалар дауыс беру арқылы таңдалады,-деді "Қазхром" ТҰК "АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының персонал және мәдениет жөніндегі директоры Наталья Габибова.
27 паратеннисші жұптық, жеке және аралас наградалар жиынтығына ойнайды. Айтпақшы, барлық турнирлерде күрес қызу өтуде. Әр өңірлік құраманың құрамында жоғары дәрежелі шеберлер өнер көрсетеді. Жеке біріншілікте павлодарлық Ғалия Беспалая мен елордалық Александра Степанова жеңіске жетті. Ерлер арасында біздің облыс өкілдері чемпиондық атаққа ілікпеді. Әзірге күміс пен қола еншімізде. Атыраулықтар үш алтын, ал Өскемен мен Қостанайдан келген атлеттер бір алтынға ие болды.