Жерлесіміз америкалық спортшыны құлатты

Біздің нокаут шебері кезекті шоу көрсетті. «Панда» лақап атымен танымал Серік Мұсаділов Майами қаласында жергілікті Кент Холландпен шаршы алаңға шықты. Ауыр салмақтылар бірден соққыларын жаудырды. Алғашқы раундыларда Мұсаділов қарсыласын екі рет канвасқа жібере алды. Кейін төреші жекпе-жекті тоқтату шешімін қабылдады. Нәтижесінде Қазақстандық былғары қолғап шебері техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл сәтті 7-ші кездесуі болып табылады. Жұдырықтасу аяқталғаннан кейін «Пандаға» Атлантика чемпионы атағы табысталды.