Жүзгіштер бассейіндеріне оралды

Оған дейін дененің қызуы өлшенеді. Артынан қолдарын антисептикпен залалсыздандырғаннан кейін ғана спортшы су жолақтарына шыға алады. Танымал қазақстандық атлет Александр Скляр да карантиннен кейін өз ісін жалғастыру мүмкіндігінен айырылмады. Соңғы 9 жылды ол БАӘ өткізген.

 

- Ол жерде барлығы өзгеше. Мен БАӘ спорттың дамуына қатыстым. Біздің жігіттер мен жергілікті тұрғындарды жаттықтырдым. Мына бассейн маған қатты ұнады. Олимпиадалық стандарттарға сай, - дейді Азия ойындарының жеңімпазы және Бейжің Олимпиадасына қатысушы Александр Скляр

 

Құраманың көшбасшылары карантиннен кейін де жақсы нәтиже  көрсетуде. Григорий Муганцев - павлодарлық команданың жастар құрамасының басты үміті. Күзге дейін қалыпқа келемін деп уәде беруде.

 

- Біз жағажайда дайындалдық. Бір күнді жіберіп алсаң, бір ай жаттығу керек. Ал біз жарты жыл болған жоқпыз. Бізге қалыпқа келу үшін екі ай керек, - дейді жүзуден жаттықтырушы Лев Акопов.

 

Спортшылар күніне екі мәрте өтетін жаттығуларды жіберіп алмауға тырысады. Желтоқсан айында Ақсуда үлкен чемпионат жоспарланған. Бірақ, мамандар оқу демалысы кезінде бірнеше шағын дода өткізбекші.