«ЕЭК» АҚ кәсіпорынның нәзікжандарына тосый сый жасады

 

 

 

Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясының нәзікжандары халықаралық әйелдер күні қарсаңында өзара сайысқа түсті. Дәстүрлі түрде өткізілетін көңілді көпсайысқа кәсіпорынның 8 командасы қатысты. Бұл ретте, аруларымыз өздерінің физикалық тұрғыдан осал еместігін көрсетті.

 

Халықаралық әйелдер мерекесін барша арулар қауымы асыға күтетіні анық. Осы орайда «ЕЭК» АҚ сұлулары мейрам қарсаңында әрдайым белсенділік танытады. Сап түзеген нәзікжандар ең әуелі көңілді бимен көпшілікті көзайым етті. Биылғы эстафетаның өткізілуі де ерекше, мұны жалынды жанкүйерлердің қолдауынан-ақ аңғаруға болады. Жалпы саны 8 команда жасақталған. Әрқайысының өзіндік стилі бар. Сәйкесінше әр ұжым табандылық таныта отыра кезең-кезеңді артқа қалдырды.

 

-Біздің командамыздың аты «Жеті гүл». Гүлдей құлпырып жүру үшін «Жеті гүл» деп қойдық және біз осындай әр түрліміз. Бірінші кезең жақсы, екінші кезеңде аяқпен қимылдай сәл қиындау болды. Бірақ, өттік. Осындай іс-шараны өткізіп жатқан барлық ұжымға, Еуроазиаттық компаниямызға рахмет айтамын. Және де осындай конкурстар көп болса екен дейміз. Біздің мереке қарсаңында осылай ұйымдастырып жатқанына көптен-көп рахмет,-деді «ЕЭК» АҚ отын-көлік цехының қоймашысы Баян Ғылым.

 

Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясының ең шапшаң және жақсы дайындалған қызметкерлері арасындағы сайыс тартысты өтті. Әділ қазылар да арулардың ерен еңбегін атап өтті. Қорытынды бойынша «Пчелки» командасы үздік атанса, «Женские баталии» екінші орынға ие болды, ал «Кислота» ұжымы үздік үштікті тәмәмдады. Бұл ретте, Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтарын табыстады.