• Басты бет
  • Спорт
  • «Екібастұз» футбол клубы осы аптада Шымкент қаласына аттанады

«Екібастұз» футбол клубы осы аптада Шымкент қаласына аттанады

Жеребе тарту арқылы «Екібастұз» өз тобындағы қарсыластарын анықтады. Осылайша, кеншілер шаһарының ұжымы Түркістан облысының «Мақтаарал», «Қыран», «Арыс» командаларымен қатар, қызылордалық «Байқоңыр», «Ақтөбе» және өскемендік «Алтаймен» бақ сынасады.  

 

- Біз екі конференцияға бөліндік. Жеребе тарту рәсімі бойынша чемпионатты Шымкентте бастайтын топқа түстік.  Қазір нақты күнтізбе бекітіледі. Кейін Павлодарда ойнаған командалар екінші айналымды Шымкентте өткізеді. Сондықтан барлығы бірдей жағдайда жарысқа түседі, - дейді «Екібастұз» ФК бас жаттықтырушысы Серік Әбдуалиев. 

 

Қазіргі таңда команда жарақаттан аман, Павлодардағы «Орталық» алаңда жол сапары алдындағы соңғы жаттығуларын жасауда. Сырт алаңнан жеңістермен оралу мақсатын қойып отыр.  Бірінші айналым аясында «Екбастұз» 6 матч өткізеді. Бұл ретте өткен жылы Премьер-Лигадан шығып кеткен еліміздің 5 дүркін чемпионы «Ақтөбе» топтың фавориті болып табылады.