«ERG Service» аруларға арналған бірегей сайыс ұйымдастырды

«ERG Service» - тегі көктемнің тамаша мерекесі әрдайым елеулі оқиға мен той-думанға толы. Бұл жолы қыздар бес керемет командаға бөлініп, спорттық, шығармашылық және креативке толы жарыстарға қатысты. Ал нәзікжандыларға қолдау көрсету үшін жанкүйерлер келді.

Басқару аппаратының арулары "АУПчики", Павлодар машинажасау зауыты - "леди Гламур" командаларын ұсынды, сондай-ақ "Праздничный букет", "Супер пчелки" және "Кружева" сияқты ұжымдар бақ сынауға ниет білдірді.Ал қатысушыларға сыншыл әрі әділ қазылар алқасы бағасын берді.

 

-Біздің арулар ең жақсы, ең әдемі, еңбекқор. Мен үнемі ойнап айтамын, біз өндіріс орнында жұмыс істеміз. Ал өндірісте біз жақсы жұмыс істеп, жақсы демалуымыз керек,-деді «ERGService» ЖШС бас директоры Сергей Перепечин.

 

"ERG Service" — тің барлық қызметкерлері керемет физикалық қалыпта екені сырт көзбен қарағаннан-ақ байқалады. Жылдамдық, төзімділік, ойлау қабілеті мен логика - бұл қасиеттердің барлығы күнделікті жұмыста да қажет екені барлығына белгілі!

 

-Мұның бәрі керемет, маған ұнады, мұндай эмоциялар көптен бері болған жоқ. Байқаулар өте жақсы болды, мұндай әсерге бөленбегелі ұзақ уақыт болды,-деді «ERG Service» ЖШС қызметкері Екатерина Свитка.

 

-Өте жақсы байқау, біздің ұйымның осындай жарыс өткізетіні тамаша. Барлық қыздарды 8 наурызбен құттықтағым келеді,-деді «ERG Service» ЖШС қызметкері Гүлмира Жамалиденова.

 

Белсенді демалыстың орны әрдайым бөлек. Ал "ERG Service" компаниясы өз қызметкерлеріне осы ретте қолдау көрсетіп, жағдайын жасауда.Байқауға қатысқан арулар бағалы сыйлықтармен естелік бұйымдармен марапатталды.