• Басты бет
  • Спорт
  • «Ertis» футбол клубының Павлодардағы алғашқы ресми матч күні белгіленді

«Ertis» футбол клубының Павлодардағы алғашқы ресми матч күні белгіленді

Павлодарлық «Ertis» футбол клубы екінші лига чемпионатындағы жолын «Орталық» стадиондағы ойынмен бастайды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

-Көптен күткен маусымның бірінші ойыны 9 сәуір күні, «Орталық» стадионымызда қостанайлық «Тобыл» жастар құрамасына қарсы өтеді. Матчтың басталу уақытын жақында хабарлайтын боламыз! Біз сіздері асыға күтеміз,-деп мәлім етті павлодарлық команданың баспасөз қызметі.

 

Қазіргі таңда клуб ойын уақытын жанкүйерлерге ыңғайлы, кешкі уақытта өткізу жөнінде Қазақстан футбол лигасымен келіссөз жүргізіліп жатқан көрінеді.