• Басты бет
  • Спорт
  • «Ертіс» балалар футбол орталығының жаттықтырушылары үш айдың жалақысын алды

«Ертіс» балалар футбол орталығының жаттықтырушылары үш айдың жалақысын алды

Еске салайық, негізгі командадағы қаржылай мәселелер үшін 22 жаттықтырушыға сәуір, мамыр, маусым айларына еңбекақыны төлемеген. Шілдеде барлығын ақысыз демалысқа жіберді. Ал тамыздың соңында жас спортшылардың жетекшілері депутаттарға көмек сұрап жүгінген.

 

-Партиялық бақылау комиссиясы бұл мәселені қарастырды. Павлодар облысының туризм және спорт басқармасына бір аптаның ішінде сұрақты шешу мерзімі қойылды. Бұл үш айдың ішінде төленбеген жалақы көлеміндегі қаражат, - дейді «Nur Otan» партиясы ПОФ партиялық бақылау төрағасы Эльдар Калиев.

 

Жаттықтырушылар өз тарапында барлығын түсіндіріп, уәде берілген қаражат көлемінде жалақының толықтай қайтарылғанын да жеткізді. Жалпы 22 қызметкерге төленбеген. Қазіргі таңда олар «Ертіс» футбол орталығындағы жұмыстан шығып кетті. Жаттықтырушылардың басым бөлігі жаңа футбол орталығына ауысты.

 

-Біз келісім жасастық. Қазір жаттығу қайда өтеді деген мәселелер бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Дайындық кестесі жасалып жатыр, - дейді футболдан балалар жаттықтырушысы Алексей Сорокин.

 

Барлық шараларға осы аптада кіріспек ойда. Жаттығу уақыты мен мекені жайлы нақты ақпарат белгілі болғаннан кейін, міндетті түрде ата-аналарға хабар береміз дейді бапкерлер. Дайындық барлық санитарлық нормаларға сай өткізіледі.