«Ертіс» ФК директоры сотталды

Сотта белгілі болғандай оны басшы қызметіне 2019 жылдың мамыр айында тағайындаған. Маусымда табыс және әлеуметтік салықтарды төлеуге ақша жетпейтіндігін білген. Қаржылық мәселенің туындауына футбол клубының негізігі құрам ойыншыларының жоғарылатылған жалақысы себеп болған. Тығырықтан шығу үшін спорттық топ-менеджер декларациядағы мәліметтерді аздап түзетуді ұйғарады. Бұл заңға қайшы. Әйтпегенде Ертістің есепшоттарын бұғаттап, қазақстандық футбол федерациясы және УЕФА айыппұл салуы мүмкін еді деген негіз келтірген. Нәтижесінде бюджетке 193 млн теңгеден астам ақша түсірмеген. 

 

- Сот қауіпсіздігі төмен мекемеге бір жылға қамау шешімін тағайындады. Сонымен қатар 3 жылға оған қаржылық және коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айрылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - деді Павлодар қалалық №2-сотының баспасөз хатшысы Гүлсім Ахтаева.

 

Айта кету керек бұрынғы директор декларацияны өзі ұсынбаған. Оны бас есепшіге жасауды тапсырыпты. Оған 2020 жылы жетпеген ақшаны орнына қояды деп сендірген. Серік Умарханов сотта өз кінәсін мойындады.