«Ертіс» футбол клубы екінші лигада жеңіліс тапты

 

 

Павлодарлықтар Астана қаласында «SD Family» жастар командасымен кездесті деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Павлодарлықтар бірінші турда 6:0 есебімен сенімді жеңіске жетсе де, сырт алаңдағы ойында жастарға мүмкіндік беруге асықпады. Алғашқы минуттан тәжірибелі Есімов, Воменко, Байжанов, Крюков, Попов сияқты жігіттер шайқасқа кірісті. Бірақ, «SDFamily» командасының жастары оларға мықты тойтарыс берді. Көптеген шабуылдарымыз, ақыры нәтижесін бермеді. Ойыншыларды ауыстыру да септігін тигізбеді. Нәтижесінде, өз алаңында ойнап жатқан елордалықтар біздің қақпаға доп салады.

72-минутта сұрмергендік танытқан Нұржан Ерланұлы. 77-минутта «SDFamily» жастары сапындағы Наурызбай Жалғас алаңнан қуылады.

 

Өткізілген гол мен қарсылас қатарының сиреп қалуы, павлодарлықтарға еш жігер бермеді. Өкінішке орай, жерлестеріміз жауап қайтара алмады.

 

Астаналық жастар бұл есепті матч соңына дейін сақтап қалады. Қорытынды 0:1. Келесі ойынды «Ертіс» қайтадан Астанада өткізеді. Осы жолы «Жеңістің» қосалқы құрамасымен шеберлік байқасады.

 

Фото: «Ертіс» ФК