«Ертіс» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

 

 

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубының бас бапкері Сергей Якушин өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

18 маусым күні «Ертіс» өз алаңындағы мыңдаған жанкүйерлерінің алдында, семейлік «Елімай» жастар құрамасына 1:3 есебімен ойсырата жеңілген еді. Бұл нәтиже бас бапкердің қызметінен бас тартуына негіз болған.

 

-Өкінішке орай, ойын сапасы және нәтижесі бойыншы өте нашар матч өткіздік. Бұған бар жауапкершілікті өзіме алуды жөн санаймын. Клуб пен командаға жаңа серпін керек. Сол себепті мен өз еркіммен қызметтен кету шешімін қабылдадым. Бұндай қадамды дәл қазір қабылдаған жөн деп білемін. «Ертістің» барша жанашырларына қолдау үшін алғыс айтамын. Футболшылар, жаттықтырушылар, барша қызметкерлер клуб дамуына үлес қосып жатқанын бағалап, күн сайын 100%-ға еңбектену керек. «Ертіс» футбол клубының және жалпы Павлодар облысы футболының әлеуеті зор, жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін. Барлығына рахмет, келесі кездескенше,-деді Сергей Якушин.

 

Айту керек, Сергей Якушин биыл қайта жанданған негізгі команданы маусымынан басынан басқарды. Оның жетекшілігімен пентакампеондар 9-ақ матч өткізіп, оның 6-ында жеңіске жетіп, 1 рет тең түсіп, 2 рет қарсыластарына есе жіберген.

 

-Біз Сергей Александровичке бірге атқарылған жұмыс үшін алғыс айта отырып, сәттілік тілейміз, -делінген «Ертіс» ФК ресми мәлімдемесінде.

 

"Ертіс" 9 турдағы жеңіліске қарамастан, екінші лигадағы 1 орнын сақтап қалды. Келесі матчты

 

фото: «Ертіс» футбол клубы