«Ертіс» футболшылары Өскеменде маңызды жеңіске қол жеткізді
Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы Премьер-лигада қалу үшін негізгі қарсыластарының бірі өскемендік «Алтайды» тізе бүктірді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Премьер-лиганың 27-турында «Ертіс» Өскеменде «Алтайды» 1:2 есебімен жеңіп, сырт алаңнан аса маңызды үш ұпайды еншіледі. Матчтың шешуші сәттерінде Юши Шимамура мен Руслан Юденков дәл соққыларымен көзге түсті. Қорытынды есеп 1:2.
-Команда соңына дейін мінез көрсетіп, жеңісті жұлып алды деуге әбден болады! Барша жанкүйерлерімізге жеңіс құтты болсын! Сенімдеріңіз үшін алғысымыз шексіз! Біздің күрес жалғасуда! ,-делінгін павлодарлық клубтың ресми парақшасында.
«Ертіс» 26 ұпаймен турнир кестесінің 11 орнына көтеріліп, чемпионаттан шығу аумағынан алыстай түсті. Бұл турдан кейін Премьер-Лигада үзіліс орнап, ұлттық құрама матчтары өтеді.
Фото: «Алтай» ФК
