«Ертіс» волейбол клубы жаңа ойыншылармен толықты

Волейболшылар маусымның ең қиын кезеңін жалпы денешынықтыру және жеңіл атлетика жаттықтырушысымен өткізді. Маусымға дайындықты командамен кәсіби маман, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Роман Валиев жүргізді.

 

- Бір ай бойы тыңғылықты дайындалдық. Сәл қиын болды, дегенмен оларға ұнады деп ойлаймын. Бұл әдеттегі жаттығудан өзгеше. Барлық құралдарды қолдануға тырыстық, - дейді «Ертіс» ВК жаттықтырушысы Вячеслав Ходус.

 

 

Командада жаңа массаж жасаушы, ал жаттықтырушылар штабында көмекші бар. "Ертістің" бас жаттықтырушысы енді - Анатолий Гаммер. Ол ойын мансабын өткен маусымда аяқтады. Құрама да іс жүзінде жинақталған. Клубпен келісімшартқа Фарида Маулен, Елена Малахова және Анастасия Иванчук қол қойды.Қазір командада тағы бір  бос позиция қалады. «Ертістің» қаралымына Армине Галстян келді. Волейболшы мансабын Владивостокта «Приморочкада» бастаған, сонымен қатар «Сахалин» клубында өнер көрсеткен.