• Басты бет
  • Спорт
  • «Ертіс» хоккейшілері Ақсулық балақайларға шеберлік сабағын өткізді

«Ертіс» хоккейшілері Ақсулық балақайларға шеберлік сабағын өткізді

 

 

Металлургтер қаласының кішкентай спортшылары үлкен хоккейді көруге мүмкіндік алды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Павлодарлық хоккей мектебінің үздік тәлімгері Вячеслав Нечвиенко ел көлемінде танымалдылыққа ие. Ол спортшы балаларға бар білгенімен бөлісті. Бұл ретте, мұндағы жеткіншектер 6-7 жылдан кейін жоғары деңгейде өнер көрсетуі әдбен мүмкін. Ал осындай керемет шараға ERG компаниясымен «Казхром» ТҰК-ның Ақсу ферроқорытпа зауыты АҚ мұрындық болды.

 

- Өте қызықты, имек таяқты қалай ұстау керектігін, дұрыс позицияны таңдауды қажеттігін үйрендік,-дейді «Молния»ХК ойыншысы Анастасия Кириченко.

 

- Қуанышымда шек жоқ,«Головой Об Лед» бағдарламасы, «Ертіс» және «Мұнайшы» командалары келді. Бұл сирек жағдай, тәжірибе жинауға керемет мүмкіндік. Нағыз кәсіби хоккейші болуды армандаймын,-деді «Молния»ХК ойыншысы Қадырхан Қайыргелді.

 

Шеберлік сағатынан бөлек жас хоккейшлер кәсіби ойыншыларға қарсы матч өткізді. Қолтаңба мен естелік суретінен кейін тосынсыйға кезек жетті. Жерігілікті кәсіпорынның әуесқой ұжымы «Металлург» айдын иелері ретінде қонақтарды қабылдады.

 

-«Молния» командасы үшін тәжірибе алмасу өте маңызды. Мұндай жайт бұрын-соңды болмайтын,- Ақсу ферроқорытпа зауыты «Металлург» ХК қақпашысы Марат Тезекбаев.

 

- Бірінші кезекте ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Бүгін біз балалық шаққа саяхат жасап балаларға хоккей көрсеттік. Бар білгенімізді үйреттік,- «Ertis» ХК қақпашысы Вячеслав Нечвиенко.

 

Бұл күн әр қатысушының есінен кетпейтіні анық. Ал «Молния» Қазақстан чемпионатының басты жүлдесіне таласты әрі қарай жалғастыратындарын жеткізді.