• Басты бет
  • Спорт
  • «Іссапарға қаражат жоқ»: еркін күрестен облыстың жасөспірімдер құрамасы жиындарын Павлодарда өткізуге мәжбүр

«Іссапарға қаражат жоқ»: еркін күрестен облыстың жасөспірімдер құрамасы жиындарын Павлодарда өткізуге мәжбүр

 

Қазақстан чемпионаты алдындағы оқу жаттығу жиындарын өткізуде. Нөмірі бірінші жарыстың маңызы зор, шетелдік додаға жолдама алу тағдыры шешіледі. Бірақ, өңірімздің жас палуандары сыртқа шықпай, спаррингтерге қол жеткізе алмай, үйде отырып жиын ұйымдастыруға мәжбүр.

 

Дәулет Шабанбай жерлесіміз Олимпиада жүлдегері атанғаннан кейін, өңірімізде көрсеткіштері жоғары еркін күрес спортының қаржыландырылуы арта түседі деген пікір қате екен. 15 жасқа дейінгі облыс құрамасы Қазақстан чемпионаты алдындағы дәстүрлі оқу-жаттығу жиындарын күнделікті залда өткізуге мәжбүр. Алтын медаль үшін қарсылас құрамалар шетелдік палуандармен спарринг жасап жатса, біздің жастарымыз үшін өзіміздегі Баянауылға да физикалық дайындық апталығын ұйымдастыру мүмкін болмаған.

 

-Жастарсыз ересектер болмайды. Дайындықсыз нәтиже болмайды. Біз өз күшімізбен дайындалып жатырмыз. Басқа облыстармен салыстырғанда, біреу Новосібір, екіншісі Қырғыстанда жүр. Біз ғана осы жерде жүрміз,-деді еркін күрестен жасөспірімдер және кадеттер бойынша облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Әсет Зенов.

 

«Баянтау» кешенінде 40-қа жуық жасөспірім жиынға қатысуда. Дайындыққа Ақмола облысының 5-6 спортшысы, сонымен қатар 17-жасқа дейінгі кадеттеріміз де шақырылған. Бапкерлеріміз барынша бәсекені арттыруға тырысуда. Оған қоса, өңір құрамасында жақындағы біріншіліктен іріктелген жаңа есімдер бар. Жас дарындар ертең Байгенжеев, Сайботалов, Қабатаев пен Ибрагимов сияқты ағаларының жолын қуып келеді.

 

-Іріктеуден өткен Май ауданы, Екібастұз, Солнечный кентінен дарындар қосылды. Балалар бар. Іріктеу жасадық, ойладық құрамамен бір жерге шығып дайындаламыз дегенбіз. Сосын басқа облыс құрамаларымен күресеміз деп ойлағанбыз,-деп жеткізді Әсет Зенов.

 

Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты Талдықорған қаласында наурыз айының басында өтеді. Өз күшімен дайындалып жатқан павлодарлықтар намысты қолдан жібермей соңына дейін күресуге сақадай сай.