• Басты бет
  • Спорт
  • «Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодарда қысқы денсаулық фестивалін өткізді

«Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодарда қысқы денсаулық фестивалін өткізді

 

 

 

 

Көңілді қыспен қоштасу! «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның дәстүрлі денсаулық фестивалі дәл осындай ұранмен өтті. Ең бірінші өндіріс қызметкерлері шаңғы жарысында үздіктерді анықтады. Тартысты бәсеке ерлер арасында орын алды. Сақадай сай дайындықпен келген Вадим Котов мәре сызығын бірінші болып аттады. «Қазақстан алюминийі» АҚ-да жобалық бақылау менеджері қызметінде 8 жыл еңбектенеді. Айтуынша, жұмыстан тыс уақытта спорт ауадай қажет.

 

-Спортқа әрқашанда уақыт таба білу керек. Оның арқасында қажетсіз ойлардан, уайымдардан арыласың, жұмыстан да демалып, еңбектену үшін қуат-жігер жинайсың. Жүгіріп келе жатып, бір қызықты идеялардың жүзеге асыруын ойластыруға болады. Сондықтан маңызы зор,-деді «Қазақстан алюминийі» АҚ жобалық бақылау менеджері Вадим Котов.

 

Қысқы денсаулық фестиваліне алюминий өндірісінің майталмандары өз жақындарын, балаларын да бірге алып келіп, отбасыларымен сайысқа түсті. Қызықты эстафеталар арқасында ызғарлы күні бойларын тез жылытып отырды.

 

-Командалық сайыста қар эстафетасы ұйымдастырылса, әйелдер пима лақтыру, ал ерлер 24 келі гірді бір қолмен көтеру бойыныша сынға түседі. Қарлы снайпер додасында отбасының барлығы қатысып мергендігін көрсете алады. Сонымен қатар анимататорлар «Акула-торпедо», тартыс, гигант хоккейі сияқты көңілді жарыстарды өткізеді. Қызықты қысқы жарыстар барлығының көңілінен шығып жатыр,-деді «Қазақстан алюминийі» АҚ спорт бойынша әдіскері Александр Павлов.

 

«Қазақстан Алюминийі» АҚ тек өндірістік қана емес, спорттық рекордтар жасайтындығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

-Қысқы денсаулық фестивалі біздің дәстүрлі жарысымыз. Зауытта адал еңбек ететін қызметкерлеріміз бұл мерекелік шараның болатындығын біліп, оны тағатсыздана күтеді. Бұл әріптестер бас қосып, жұмыстан тыс ортада демалатын, нағыз «тимбилдинг» деп айтуға болады. Әрқашанда фестивальде 200 аса қатысушы болады. Керемет әсер алып кететін, отбасылық думанымыз,-деді «Қазақстан алюминийі» АҚ HR бизнес-серіктесі Жансая Әлжанова.

 

Фестиваль ұжымның берік болуына, жағымды септігін тигізеді. Сондықтан кәсіпорын басшылығы жұмыскерлердің салауатты өмір салтын ұстануы және бос уақытын тиімді өткізуіне көп көңіл бөледі. Денсаулық фестивалі өндіріс қызметкерлеріне келесі қысқа дейін ұмытпайтын керемет әсер қалдырып, жоғары дәрежеде өтті.