• Басты бет
  • Спорт
  • «Қазақстан алюминийі» АҚ және Қазақстан электролиз зауыты бірігіп қысқы денсаулық фестивалін өткізді

«Қазақстан алюминийі» АҚ және Қазақстан электролиз зауыты бірігіп қысқы денсаулық фестивалін өткізді

 

 

Спорт думаны өндіріс қызметкерлері тағатсыздана күтетін іс-шара. Таза ауада өтетін көңілді бас қосуға жұмыскерлер өз отбасысымен қатысып, қызықты эстафеталар бойынша шеберлік байқасты. Биыл корпоративті тимбилдингіде «Керегетас» әктас кенішінің өкілдері де қатысып, сайыс қыза түсті.

 

Отбасылық тимбилдинг өндіріс майталмандары үшін жыл сайын күтетін қысқы мереке іспеттес. «Қазақстан алюминийі» Акционерлік қоғамы мен Қазақстан электролиз зауыты қарамағында жұмыс жасайтын екі жүзге жуық қызметкер дәстүрге сай Зеленая роща шаңғы базасында бас қосты. Биыл фестивальге Баянауыл ауданынан келген «Керегетас» әктас кенішінің жұмыскерлері де қосылды.

 

-Дивизионға кіретін филиалдарымыз бар. Солардың басын қосып, біріктіріп, бір-бірін көрсін, танысын деген мақсатпен жасап жатқанымыз. Қысқы денсаулық фестивалін жұмысшыларымыздың, жанұясы, балаларына арналған тимбилдинг ретіндегі іс-шара,-деді

«Қазақстан алюминийі» АҚ әлеуметтік жобалар жөніндегі менеджері Нұрсұлтан Бейсембаев.

 

Қысқы фестивальге қатысушы халықтың қарасы қалың болды. Балаларға да, ересектерге көптеген локациялар ойластырылып, әркім өзіне қызықты спорттық эстафеталарда бағын сынап көрді. Жігерлі көңіл-күйге аниматорлар да үлестерін қосты.

 

-Өз немереммен келдім. Қысқы фестивальге алдыңғы жылы да келген едік. Отбасылық керемет дәстүр деп ойлаймын. Жазда да осындай жарыстар ұйымдастырады. Біз өткізбей келеміз, өте ұнайды,-деді «Қазақстан алюминийі» АҚ автокөлік цехының есеп бойынша технигі Юлия Коханова.

 

Жарқын эмоциялар, үбірлі-шүбірлі эстафеталар, ата-аналарға бұдан артық демалыс жоқ. Қысқы денсаулық фестивалі жанұяға арналған ауқымды іс-шара. Бұндай демалыс ұжымның ұйымшыл болуына да жағымды септігін тигізеді.

 

-Ұйымдастырған «Қазақстан алюминийіне» үлкен рахмет! Отбасымызбен келдік. Барлығы көңілімізден шықты! Жай қарап тұрғаннан гөрі, барлық қызықты ойындарға, балаларға арналған аниматорлар сайыстарына қатысқан күшті. Демалыс көңілді өткізудеміз,-деді жарысқа қатысушы Назым Дүйсенғазина.

 

Еуразиаттық Топтың алюминий дивизионының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған денсаулық фестивалі балалар мен ата-аналарға келесі қысқа дейін ұмытпайтын керемет әсер қалдырып, жоғары дәрежеде өтті. Өндіріс ошағындағы спорттық тимбилдинг енді жазда болады деп күтілуде.