Әлемдік Жетістік

Павлодарлық шаңғышы әлемнің вице-чемпионы атанды. Роллер бойынша жазғы біріншілік Мадона қаласында өтуде. Қазақстан құрамасы сапында Елизавета Толмачева және Мария Геращенко алғашқы медальге қол жеткізді. Жарыс қожайындарынан бірнеше секундқа қалып келген. Үздік үштікті Эстония қорытындылады. Сондай-ақ, Сабина Сүлейменова жоғары нәтиже көрсетті. Жеке жарыста мәреге бесінші келді. Бүгін доданың суперспринт бағдарламасы өтеді.