• Басты бет
  • Спорт
  • Өңірімізде ArtSport жобасы аясында тегін балалар үйірмесін ұйымдастырғандар қылмыстық жауапқа тартылған

Өңірімізде ArtSport жобасы аясында тегін балалар үйірмесін ұйымдастырғандар қылмыстық жауапқа тартылған

 

 

Павлодар облысында өткен жылы ArtSport жобасы аясында тегін спорт секцияларын ұйымдастырған 79 қызмет көрсетуші тіркелген еді. Олардың ішінде 20-сының қызмет көрсетуі бойынша бұзушылықтар анықталды. Қаржылық айлалардан тыс, қағаз жүзінде бар, іс жүзінде жоқ балалар санын жазу сияқты олқылықтар болған. Өңірлік спорт басқармасында тексеріс нәтижелерін жария етті.

 

-Осы күні 3 қызмет көрсетуші ұйымға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Қазір тағы біреуінің үстінен іс сотта қаралуда. Ал қалған қызмет көрсетушілер табылған бұзушылықтармен келісіп, белгіленген сомманы жергілікті бюджетке өтеді. Келтірілген залал көлемі 50 миллион теңгені құраған,-деді Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Талғат Сәкен.

 

Қазіргі таңда қызмет көрсетушілер тарапынан 50 миллиондық залалдың, 46 миллион теңгеге жуығы қайтарылды. Қалғандары бөліп төлеп, өтейміз деп міндеттелді. Дей тұра, қателікке бой берген спорт секция басшыларына шектеу қою тетігі жоқ көрінеді. Бұзушылықтарды жойғандар, ArtSport жобасы аясында қайтадан мемлекеттік тапсырыстарды орындауда. Айту керек, биыл балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру бағдарламасын іске асыруға Павлодар облысында 2 миллиард 118 миллион теңге бөлінген.