• Басты бет
  • Қазақстан
  • 2024 жылы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 777 мыңнан астам қызмет көрсетілген

2024 жылы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 777 мыңнан астам қызмет көрсетілген

 


2024 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 675,4 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 8,5 мың – ымдау тілі қызметін, 26,2 мың – жеке көмекшінің, 67,3 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сүйеніп.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін, өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмекті алу үшін тапсырып берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қажет. Оңалтудың техникалық құралдары үйге дейін жеткізіледі немесе өз бетінше әкетуге болады

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінгі күні Порталда 895 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталық (бөлімшелер), 792 оңалту техникалық құралдарын жеткізуші, 30 мыңнан астам жеке көмекші, 756 ымдау тілі және 125 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.

Порталды пайдалану бойынша кеңесті 1414 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.