Балабақшаларға қойылатын жаңа талаптар

Денсаулық сақтау министрлігі мектептерге және балабақшаларға қойылатын санитарлық талаптарды өзгертті деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.
Қазақстандағы балабақшаларды енді бір бөлмеде ойнап, тамақ ішуге рұқсат етілмейді.
Жаңа ереже бойынша әрбір балаға есептелген шаршы метр белгіленді.
«Киім ауыстыру бөлмесі бір балаға кем дегенде 0,7 шаршы метр мөлшерінде жобалануы керек. Ойын бөлмесі – 2, асхана және тарату алаңы 3,8, жатын бөлме – 1,8 шаршы метр болуы шарт», - делінген бұйрықта.

фото: Freepik.com