Баянауылда арқарлар биіктен түсірілген бейнежазбаға түсіп қалды

Баянауыл ұлттық табиғи паркін кезекті зерттеу барысында мамандар жартасты аймақта еркін жайылып жүрген арқарларды байқап, бейнежазбаға түсіріп алды деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Жабайы жануарларды табиғи мекен ету ортасында бақылау мамандарға олардың тіршілік жағдайын бағалауға мүмкіндік берді.

 

- Мұндай кездесулер ерекше әсерлі кадрлар ғана емес, ұлттық парк аумағындағы жануарлар дүниесінің сақталып, табиғи ортаның жабайы жануарлардың мекендеуіне қолайлы екенін көрсететін маңызды дәлел. Баянауылдың көркем табиғатында еркін жүрген арқарлар өңірдің бай жануарлар дүниесін тағы бір мәрте айшықтай түсті, - деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде.

 

Фото: magnific.com