Биыл 8 мамыр демалыс күні болып белгіленді

 

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында «2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрыққа қол қойлғаны хабарланды деп жазады irbistv.kz тілшісі.

 

-Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында, демалыс күні 2024 жылғы 4 мамыр сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылсын,-делінген ресми құжатты.

 

Аталмыш құжатқа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы А. Сарбасов қол қойды. Бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Осылайша 4 мамыр жұмыс күні болса, 7,8, 9 мамыр қатарынан үш күн демалыс болмақ.

7 мамырда — Қазақстан қарулы күштерінің күні тойланса, 9 мамыр — Жеңіс күні атап өтіледі.

 

Фото:Freepik.com