eGov-та жүргізуші куәлігіне онлайн емтихан тапсыру қызметі пайда болды
Жаңа қызмет қосымшаның басты бетіндегі танымал қызметтер қатарына қосылған. Тіркелу кезінде жүйе алдымен медициналық анықтама мен автомектепті аяқтағаны туралы мәліметті тексереді. Одан кейін үміткер жүргізуші куәлігінің санатын таңдап, емтиханға жазыла алады.
ІІМ мәліметінше, автомектепте оқуды аяқтағаны туралы ақпарат мамандандырылған ХҚО-ларға электронды түрде жіберіледі. Егер жүйе бұл деректерді таппаса, азамат оқу орнына хабарласып, мәліметтің тиісті органдарға жолданғанын нақтылауы қажет.

