• Басты бет
  • Қазақстан
  • Елімізде электромобильді көлігін үйінде қуаттайтын жүргізушілерге айыппұл салынады

Елімізде электромобильді көлігін үйінде қуаттайтын жүргізушілерге айыппұл салынады

Елімізде электр көліктерін үйінде қуаттайтын жүргізушілерге айыппұл салынады. Электромобильдерді пайдалану бойынша жаңа түзетулер қыркүйек айында күшіне енді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі ҚР ЭМ электр энергетикасын дамыту департаменті басқармасына сілтеме жасап.

Энергетика министрлігі егер қуат жеткілікті болса, электромобильді қуаттау рұқсат етілгеннен аспаса және есептегіштер дұрыс болса, иелері қосымша келісімдерсіз-ақ қуаттай алады. Ал егер бұл мүмкіндік жоқ болса, желілерді жаңарту және жаңа техникалық шарттар қажет болады.

Егер құрылғы күші жетпей жатса, жаңа техникалық шарттарды алу керек. Желіңізді күшейтіп, үйде электр зарядтау станциясы болса, тұрмыстық емес тұтынушы ретінде тиісті келісім-шарт жасасу қажет”, – деді ҚР ЭМ электр энергетикасын дамыту департаменті басқармасының басшысы Әлімжан Тұрар.

Сарапшылар бұл шараны қажет деп санайды. Өйткені электр тапшылығы өсуде. Зарядтау станцияларын электр желілеріне қосу желілердің шамадан тыс жүктелуін болдырмау үшін техникалық талаптарды сақтауды талап етеді.



Фото: Freepik.com