Мемлекет басшысы қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек демалысына шықты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

 

-Мемлекет басшысы 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады, - делінген ақпаратта.

 

Айта кетейік, 2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 тамызда еңбек демалысына шығып, бір апта демалды.

 фото: Ақорда