Париж-2024: Қазақстан боксшыларының қарсыластары белгілі болды

Париж олимпиадасында бақ сынайтын боксшыларымыздың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды. Кейбіреулері алғашқы айналымда-ақ мықтылармен жұдырықтасады дейді irbistv.kz тілшісі stan.kz порталына сілтеме жасап.

 

Назарларыңызға қазақстандық боксшылардың бірінші кезеңдегі қарсыластарын ұсынамыз:

 

Ерлер:

 

51 келі. 1/8 финал Сәкен Бибосынов – Самет Кумуш (Түркия)

57 келі. 1/8 финал Махмұд Сабырхан – Хосе Кильес (Испания)

63,5 келі.1/16 финал Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаррече Конде (Испания)

71 келі. 1/16 финал. Асланбек Шымбергенов – Зияд Ишиаш (Иордания)

80 келі. 1/8 финал Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс (Австралия)

92 келі. 1/8 финал Айбек Оралбай - Олайтан Адам Олаор (Нигерия)

+92 келі. 1/8 финал. Қамшыбек Қоңқабаев - Гадфа Дрисси (Испания)

 

Павлодарлық маман Марат Қырықбаев жаттықтыратын Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары келесідей:

 

50 келі. 1/16 финал. Назым Қызайбай - Джиордана Соррентино (Италия)

57 келі. 1/8 финал Карина Ибрагимова - Лозада Мотта Ашлейан (Пуэрто-Рико)

75 келі. 1/8 финал. Валентина Хальзова - Атейна Билон (Панама)

 

Айта кетейік, былғары қолғап шеберлерінің алғашқы жекпе-жектері 27 шілде басталады. Жарыстың алғашқы күнінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы испаниялық боксшымен жұдырық түйістіреді.

 

Ұлттық Олимпиада Комитетінің президенті Геннадий Головкин Олимпиада қалашығында Қазақстан бокс құрамасымен кездесіп, қолдау білдірді.

 

Фото: Қазақстан бокс федерациясы