Жыл басынан екі мыңнан астам қандасымыз тарихи отанына оралған

 

2024 жылдың 1 наурызына дейін 2800 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі baigenews сілтеме жасап.

Ведомства ақпараты бойынша 2024 жылдың басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (49,6 %) ҚХР, 31,9%, Өзбекстаннан 6,8% Түркіменстаннан 6,5% Моңғолиядан, 3,9% Ресейден және 1,3% басқа елдерден. 1991 жылдан бастап елімізге 1 млн 131,1 мың этникалық қазақ оралған.
2024 жылы қандастарды аймақтарға қабылдау бойынша квота 2 433 адамды құрайды. Осы жылдың 1 наурызына дейін 607 қандас қоныс аударған. Олардың жұмыс істеуге қабілетті саны 58,7%, кәмелетке толмағандары 31,9%, ал зейнеткерлер 9,4% құрады.
Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына көшіп келген қандастарға субсидия ретінде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне бір реттік 70 АЕК (258,4 мың теңге) мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Баспана жалдау мен коммуналдық қызметтерді төлеуге ай сайын бір жыл бойы 15-тен 30 АЕК (55,3-тен 110,7 мың теңгеге дейін) дейін ақша беріледі.