• Басты бет
  • Қазақстан
  • Жұмыссыз жастарға 1 млн теңгеге дейін гранттар беруге өтінім қабылдау басталды

Жұмыссыз жастарға 1 млн теңгеге дейін гранттар беруге өтінім қабылдау басталды

Өтінімдерді қабылдау 24 сәуір сағат 23:59-ға дейін жалғасады деп хабарлайды irbis.tv тілшісі sputnik_aitady сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстанның 20-ға жуық өңірінде "Zhas Project" жобасына қатысуға өтінім қабылдау басталды деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігі.
Жобаға 18-34 жас аралығындағы NEET санатындағы жастар (уақытша жұмыспен қамтылмаған) қатыса алады.
"Zhas Project" жас қазақстандықтардың мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Жобаға қатысушылар өз аймағындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған тиімді бастамаларды жүзеге асырып, сонымен қатар көшбасшылық қабілетін де дамыта алады", - делінген министрлік хабарламасында.
Жоба жеңімпаздарының әрқайсысына әлеуметтік бастамаларды іске асыру үшін 1 миллион теңгеге дейін шағын гранттар бөлінеді.
"Болашақта 280 жоба іске асырылады. Өтінімдерді қабылдау 24 сәуір сағат 23:59-ға дейін жалғасады. Әр өңір бойынша жобаны басқаратын және өтініш қабылдайтын үкіметтік емес ұйымдардың байланыс мәліметтері cisc.kz сайтында, Zhas Project бөлімшесінде көрсетілген", - деп атап өтті министрлік.