Қазақстан ажырасу бойынша әлемде екінші орында тұр

Қазақстанда ажырасу көрсеткіші 2024 жылдың басында 1000 адамға шаққанда 4,6-ны құрады деп хабарлайды irbis.tv тілшісі Informburo.kz сілтеме жасап.

2023 жылы Қазақстанда 120,9 мың жұп неке қиған, бұл 2022 жылға қарағанда 6%-ға аз. Бұл ең төменгі көрсеткіш. Бұған дейін 2008 жылы халық саны 16 миллион адамға жетпесе де, ресми түрде 135 мыңнан астам жұп неке қиған. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

2023 жылы Қазақстан қалаларында тіркелген неке саны – 6,4%-ға (80 мыңға дейін), ауылдарда 5,1%-ға (40,9 мыңға дейін) азайды.
Ажырасу саны да рекордтық төмен көрсеткішке жетті: былтыр 16,8 мың жұп ажырасқан және бұл 2022 жылға қарағанда 5,3%-ға аз. Қалада ажырасу саны – 5,2%-ға (12,4 мыңға дейін), ауылда 5,5%-ға (4,4 мың жұпқа дейін) азайған.

Өңірлер бойынша отбасы құрғандар саны жөнінен Алматы алда тұр: 2023 жылы 13,1 мың жұп некелесті және бұл 2022 жылға қарағанда 4%-ға аз. Одан кейінгі орында – Түркістан облысы (11,8 мың) және Астана (10,4 мың. Ең аз неке Ұлытау облысында тіркелген – 1,5 мың жұп.
Ажырасу жөнінен де Алматы бірінші орында: 2023 жылы – 2,3 мың, 2022 бір жылға қарағанда 2,1%-ға аз. Одан кейінгі орында – Қарағанды облысы (1,5 мың) мен Астана (1,5 мың). Ең аз ажырасу да Ұлытау облысында тіркелді – небәрі 198.