Қазақстанда азаматтарға SIM-карта сатуға шектеу енгізілмек

 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбеков елдегі интернет-алаяқтықпен күрес жоспарымен бөлісті деп хабарлайды irbistv.kz. тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, алдағы уақытта елімізде жеке тұлғаға тіркеуге болатын нөмір санын шектеу көзделген. Енді нөмірді электронды үкімет порталынан алады.

Вице-министрдің сөзінше, алаяқтар қазақстандықтарды құрығына түсіру үшін WhatsApp мессенджерін қолданады.

Біз заң аясында нөмір жоспарын мемлекетке қайтаруды ұсынамыз. Қазір операторлар қолданушыға нөмір мен SIM-картаны өздері береді. Біз нөмір жоспарын мемлекетке қайтарсақ, азаматтар абоненттік немесе қалалық нөмірді электронды үкімет порталынан немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы алады. Сонымен қатар жеке тұлғаға берілетін нөмір санын шектемекпіз”, – деді Асхат Оразбеков.

Жұмыс бабымен сим-картаны қолданатын заңды тұлғалар әр нөмірді не үшін сатып алатынын нақтылауы керек. Алдағы уақытта осындай заң жобасын цифрлық даму министрлігі талқыға шығармақ.